in

Мұнай – стратегиялық маңызы бар ресурс

Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саланың ел экономикасындағы орны ерекше екенін атап өтті. Мемлекет басшысы мұнайшылардың маңдай терімен келген жетістіктеріне жоғары баға беріп, қазақ мұнайының бай тарихы мен дәстүрін жалғап келе жатқан бүгінгі буынға алғысын білдірді. 

Оның айтуынша, тәуелсіздік жыл­дарында мұнай өндірісі төрт есе өсіп, еліміз әлемдік на­рық­тағы же­тек­ші ойыншылардың қатарына қо­­сылды. Бүгінде Қазақстан мұнай мен газды өндірумен қатар оны терең өң­деуге де баса назар аударып отыр. Қа­шағандағы жаңа зауыт құрылысы, «Бей­неу – Бозой – Шымкент» құ­бы­ры­­ның екінші желісі, сондай-ақ по­лиэ­тилен зауыты сияқты ірі жобалар ел­дің энергетикалық әлеуетін ны­ғай­тып қана қоймай, мыңдаған жаңа жұ­мыс орнын ашуға жол ашады. Пре­­зи­дент еңбек адамының мәрте­бе­сін биіктетіп, жаңа буынды осы са­­­­­ладағы жауапты іске бел­сене ара­ласу­ға ша­қырды.

– Сіздер осы салада адал ең­бек етіп, мемлекетіміздің дамуы­на мол үлес қосып келесіздер. Бұл нағыз еңбек адамдарына тән қа­сиет деп санаймын. Жалпы, елі­міздегі мұнай-газ өнер­кә­сі­бі­нің өзіндік дәстүрі, бай тарихы бар. Осы саланың қалыптасып, өр­кендеуіне бірнеше буын өкіл­дері зор еңбек сіңірді. Сіздерді аға буынның лайықты ізбасары деуге болады. Қазір мұнай-газ са­ласында 200 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сіздердің та­банды еңбектеріңіздің арқа­сын­да Қазақстанымыз өркендеп, көр­кеюде. Мен мұны жоғары ба­­­­­ғалаймын. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – де­ді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент былтыр қазақ мұ­найының 125 жылдығы аталып өт­кенін еске салып, биыл да сала үшін айтулы жыл екенін атап өт­ті. Сонымен қатар мұнай өңдеу зауыттарының мерейтойы мен ұлттық компаниялардың тарихи бе­лестерге жетуі саланың маңы­зын айқын көрсететінін айтты.

– Атырау мұнай өңдеу зауы­ты­ның ашылғанына 80 жыл тол­ды. Шымкент мұнай өңдеу зауы­ты­на 40 жыл, ал QazaqGaz ұлттық ком­паниясына 25 жыл толып отыр. Бұл мерекелік күндер елі­міз­дің мұнай-газ саласының мән-маңызын көрсетеді. Мұнай мен газ – стратегиялық маңызы бар ресурс, бұл – жұртшылыққа бел­гілі дерек. Себебі бұл сала елі­міздің өсіп-өркендеуіне ай­рық­ша ықпал етті. Тәуелсіздік жыл­дары қара алтынның игілігін мо­лынан көрдік. Қазір бұл сала қар­қынды дамып келеді. Қазақ­стан әлемдік мұнай нарығындағы же­текші мемлекеттің бірі сана­ла­ды. Егемендік кезеңінде елі­міз­дегі мұнай өндірісі төрт есе өс­ті. Жақын арада мұнай өндіру кө­лемін жылына 100 миллион тон­наға жеткіземіз, – деді Мем­ле­кет басшысы.

Саладағы соны жобалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақ­стан шикізат өндірумен қа­тар, оны терең өңдеуге баса мән беретінін айтты. Оның сөзінше, мұнай-газ химиясы саласында ірі жобалар жүзеге асырылып, қо­сымша құны жоғары өнімдерді өн­діру жолға қойылуда. Бұл ша­ралар жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, еліміздің эко­номикалық тәуелсіздігін арт­тыруға және әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

– Бұл бағытта нақты жұмыс іс­теліп жатыр. Атырау, Павлодар, Шым­кент қалаларында орна­лас­қан үш ірі мұнай өңдеу зауыты жаң­ғыртылды. Соның арқасында біз ішкі нарықты сапалы жанар-жа­ғармаймен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 13 миллионға жуық адам табиғи газға қол жеткізді. Қазір бұл бағытта бұрын-соңды бол­маған ауқымды жобалар іске асы­рылуда. Қашағанда жаңа газ өң­деу зауытының құрылысы жү­ріп жатыр. «Бейнеу – Бозой – Шым­кент» газ құбырының екін­ші желісі салынуда. Сондай-ақ біз қосымша құны жоғары өнім­дер шығаруды қолға алдық. Мұ­най-газ химиясы саласында бір­қатар ірі жобаны іске қоса­мыз. Мұның бәрі 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Соның ішінде полиэтилен зауытын ерекше атап өткім ке­леді. Бұл – шетел инвестор­лары­мен бірге іске асырылып жатқан маңызды жоба. Инвестиция кө­лемі 7 миллиард доллардан аса­ды. «Қаламқас-теңіз» және «Ха­зар» секілді ірі теңіз кен орын­­­дарын игеру басталды. Алты миллиард дол­лардан астам инвестиция са­лынады. Теңіз платформа­ла­ры­ның құрылысын отандық кеме құ­растырушы кәсіпорындар жүр­гізеді. Бұл Қазақстанның мұ­най-газ саласындағы үлкен оқиға бол­мақ. Аталған жобалардың бә­рі энергетикалық әлеуетімізді ны­ғайтып қана қоймай, ел эко­но­микасының қарыштап дамуы­на ықпал етеді. Мұның игілігін бар­ша халық көреді, – деді Пре­зидент.

«Қара алтын» өндірісінің қарқыны қуатты

Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жыл­дары мемлекет эконо­мика­ның түрлі саласына шетел инвес­ти­циясын жүйелі түрде тарту жұ­мысына ерекше назар аударып отыр­ғанын жеткізді.

– Осы ретте жақында өткен Қы­тайға сапарымды атап өткім ке­леді. Бұл сапар шын мәнінде өте жемісті болды. Екі елдің ара­сын­дағы стратегиялық серік­тес­тік­ке мықты әрі тың серпін бер­ді. Екіжақты келіссөздердің күн тәртібі ауқымды және ең бастысы Қа­зақстанның ұлттық мүд­де­ле­ріне, ең алдымен, экономика са­­­­ласындағы мүдделеріне ті­ке­лей байланысты болды. Қытай Ха­лық Республикасының Төра­ғасы Си Цзиньпинмен әңгіме­лесу кезінде мәңгілік достық пен стратегиялық серіктестік ру­хын­дағы жан-жақты ынты­мақ­тас­тық­қа ерекше мән берілді. Қа­зақ-қытай іскерлік кеңесінің ке­­­зекті отырысының қоры­тын­дысы бойынша жалпы сомасы 15 мил­лиард доллар болатын жет­піс­тен астам коммерциялық құ­жат­қа қол қойылды. Қытайлық серік­тестермен бірге мұнай-газ саласында көптеген жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ ст­ратегиялық сипаттағы жаңа жо­балар жоспарланған. Оның ішін­де Ақтөбе облысында кар­ба­мид шығаратын газ-химия ке­ше­нінің құрылысы жөнінде СNPC ком­паниясымен жасалған келі­сім­ді ерекше атап өткім келеді. Жоба құны 1 миллиард дол­лар­дан асады. Атырау облысында этан және пропан тасымалдауға ар­­налған магистралды құбыр құ­ры­лысын қаржыландыру бойын­ша Қытай даму банкімен жасал­ған уағдаластықтың да маңызы зор. Келісімнің жалпы сомасы – 530 миллион долларға жуық. Біз барлық халықаралық инвес­тор­лармен ықпалдастықты те­рең­детуге әрдайым баса мән бе­ре­­міз. Мұнай-газ саласында аме­­­­­рикалық, ресейлік, еуропалық және қытайлық корпорация­лар­мен көп жылдар бойы жалғасып ке­ле жатқан серіктестік – соның ай­қын дәлелі, – деді Мемлекет бас­шысы.

Президенттің пікірінше, әлем­­дегі мұнай-газ саласы көп­те­ген мемлекет пен белгілі са­рап­шылардың жіті бақылауында. Са­ланың келешегі оның жаһан эко­номикасының даму перс­пек­тивасына ықпал етуі тұрғысынан талқыланып жатыр.

– Менің пайымдауымша, кө­мірсутегі дүниежүзінің энер­ге­тика нарығында, сәйкесінше, Қазақстанның энергетика са­ла­сында бұрынғыдай басты рөлге ие бола береді. Бірқатар елдің, со­ның ішінде еуропалық мем­ле­кеттердің тәжірибесі көрсеткен­дей, балама қуат көзі қажеттілікті то­лық өтей алмайды. Бұдан бө­лек, өнеркәсіпте, соның ішінде электр стансаларының құры­лы­сында көмірді залалсыздан­ды­ра­тын озық технологияны пайда­лану­ға баса мән беру қажет. Қа­зақстанның энергия балан­сын­да көмірдің үлесі 70 пайызға жуық екені мәлім. Еліміз көмір өндіруден он ірі елдің қатарына кіреді. Бұл артықшылықтан бас тартпаған жөн. Керісінше, оны тиімді пайдалану керек, – деді Мем­лекет басшысы.

«Өркендеу жолы» технологиямен қатар өрбуге тиіс

Президент отандық мұнай-газ кешенінің алдында техноло­гия­лық жаңғыру, атап айтқанда, жасанды интеллектіні енгізу мін­деті тұрғанын жеткізді. Бұл өте өзекті.

– Заманауи технологиялар мұ­най және мұнай өнімдерін өн­діру, тасымалдау және қайта өң­деу ісін оңтайландыруға ықпал ету қажет. Отандық мұнай-газ өнер­кәсібі заманауи үрдістерге сай болуы керек. Сондықтан осы са­лаға таза және озық техноло­гия­ларды енгізу өте маңызды. Гео­логиялық барлау жұмыстарын күшейтіп, жаңа кен орындарын ашуға баса мән беру керек. Бұған қоса, осы салаға білімді, жас кадр­ларды тартып, адам әлеуетін барынша арттыру қажет. Себебі жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бізге, ең алдымен, бі­лік­ті мамандар керек. Білім бағ­дар­ламасын жетілдіріп, зерттеу ор­талықтарын дамытқан жөн. Осы міндеттерді сапалы орын­да­сақ, Әділетті, Қуатты, Таза және Озық Қазақстанның қалып­тасуы­­на жол ашамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сонымен қа­тар қоғамдағы еңбек адамы­ның орны туралы пікір білдірді.

– Еңбекқорлық – ең асыл қа­­­­сиеттің бірі. Мен әр сөзімде осы мәселеге ерекше мән бере­мін. Маңдай термен келген адал ең­бектің қадірін білетін жұрт озық ойлы ұлт болады. Халқы­мыз­да «Еңбегіне қарай – құрме­ті» деген жақсы сөз бар. Еңбек ада­мы – ел адамы. Еңбек адамы, ең алдымен, туған елінің жарқын ке­лешегі үшін аянбай жұмыс іс­тей­тін адам. Сондықтан қазір біз елімізде жұмысшы мамандарын кеңінен дәріптеп, оларға ерекше құрмет көрсетіп жатырмыз. Мен жыл басынан бері еліміздің әр са­ласында жұмыс істеп жүрген аза­маттарды арнайы шақырып, ма­рапаттап жатырмын. Мұны хал­қымыздың Сіздерге көрсет­кен ыстық ықыласы, шынайы құрметі мен алғысы деп түсінген жөн, – деді Президент.

Салтанатты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға елеу­лі үлес қосқан бір топ аза­мат­ты мемлекеттік наградалар­мен марапаттады. Мемлекет бас­шысының айтуынша, бұл сала­да дәстүр мен тәжірибе қатар сақ­талып, бүгінде жаңа тех­но­логиялармен ұштаса түскен. Ірі жобалар мен инвесторлық ын­тымақтастықтың арқасында мың­даған жаңа жұмыс орны құрылып, елдің энергетикалық әлеуеті нығаймақ. Ең бастысы, ең­бек адамдарының табанды ең­бегі мен адалдығы Қазақстанды жаңа биіктерге жетелеп, әділетті әрі қуатты мемлекет құруға үлес қосуда.

Дайындаған 

Кәмила ДҮЙСЕН