in

Қазақстанда банк арқылы бөліп төлеуге берілетін қарыз сомасына шектеу енгізілуі мүмкін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова мәжіліс кулуарында тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеу арқылы сатуды реттеу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Қазақстанда кредит бойынша жоспарланып отырған лимиттер туралы түсінік берді.

"Біз BNPL нарығын реттеу үшін жаңа заң әзірлеуді немесе заңнамалық түзету енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл қаржы институттары емес, маркетплейстер немесе сауда үйлері ұсынатын, бірақ несие өнімінің барлық белгісі бар бөліп төлеуге қатысты", – деді Мәдина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, Ұлттық банк бұл шараны 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізуді жоспарлап отыр.

"Қарыз алушының берешегінің ең жоғары сомасына номиналды түрде абсолютті шектеу белгіленеді", – деп атап өтті ҚНРДА басшысы.