in

Қазақстанда пәтер бағасы қымбат бес қала анықталды

Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы өсіп жатыр. Жыл басынан бері орташа өсім 2 пайызды құрады. Ең қымбат пәтерлер Алматыда сатылуда. Сондай-ақ үздік бестікке Астана мен Шымкент те енді. astana24.com сайтынан толығырақ оқыңыз.

"Крыша" порталының мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстандағы екінші нарықтағы пәтерлер орта есеппен 2 пайыз қымбаттады. Кейбір қалаларда бұл өсім 8 пайыздан асады.

Алматыда баға керісінше 1,4 пайыз төмендеді. Дегенмен мегаполис тұрғын үй бағасы бойынша ең қымбат қала болып қала береді:

1 бөлмелі пәтер – 26,5 млн теңге; 2 бөлмелі пәтер – 40 млн теңге; 3 бөлмелі пәтер – 57 млн теңге.

Баға бойынша екінші орында Астана тұр. Мұнда 1 бөлмелі пәтер орта есеппен 23 млн теңге, 2 бөлмелі пәтер – 34 млн теңге, ал 3 бөлмелі пәтер – 52 млн теңге тұрады.

Үшінші орынды Шымкент иеленді. 1 бөлмелі пәтердің орташа бағасы – 17,8 млн теңге, 2 бөлмелі пәтерлер – 25 млн теңге, ал 3 бөлмелісі – 33 млн теңге.

Үздік бестікке Атырау (16-дан 30 млн теңгеге дейін) және Қостанай (17-ден 30 млн теңгеге дейін) қалалары да кірді.

Ең арзан 1 бөлмелі пәтерлер Қызылордада сатылады. Оның орташа бағасы – 8 млн теңге. Сондай-ақ 3 бөлмелі пәтерлердің ең төменгі бағасы да осы қалада тіркелді – 18 млн теңге. Ал 2 бөлмелі пәтерлердің ең арзаны Жезқазғанда сатылады, орташа бағасы – 13 млн теңге.

Осылайша Қазақстандағы тұрғын үй бағасы айтарлықтай ерекшеленеді. Ірі қалалардағы бір пәтердің құны өңірлердегі үш пәтердің бағасымен пара-пар.

Мысалы Алматыдағы 1 бөлмелі пәтердің бағасына Қызылордадан үш пәтер сатып алуға болады. Алматыдағы бір 2 бөлмелі пәтер Жезқазғандағы үш пәтердің құнына тең. Астанадағы 3 бөлмелі пәтердің бағасына Қызылордадан осындай үш пәтер алуға мүмкіндік бар.