in

Құрбан айт-2026: Қазақстан қалаларында қой бағасы қанша

Құрбан айтқа санаулы күндер қалды. Осыған орай, еліміздің өңірлерінде құрбандыққа шалынатын мал бағасы нақтыланды. Kazinform тілшісінің хабарлауынша, биыл еліміз бойынша ең арзан және ең қымбат қойдың арасындағы баға айырмашылығы 140 мың теңгеге жеткен.

Құрбан айт — мейірімділік пен ізгіліктің, өзара жомарттықтың символы. Мереке күндері мұсылмандар құрбандық шалып, мал етін отбасына, жақын туыстарына және әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға үлестіреді.

Биыл мереке қарсаңында Қазақстанның әр қаласындағы мал құны мынадай:

Астанада да баға жоғары болып тұр — 90 000 — 170 000 теңге. Еліміздің батысы мен оңтүстік өңірлерінде де баға шарықтаған. Атырауда қой бағасы 120 000 теңгеден басталып, 150 000 теңгеге дейін көтерілген. Ал Павлодарда 180 мың теңгеге, Жезқазғанда 160 мың теңгеге дейін жетті.

Еліміз бойынша қой бағасы Түркістанда қымбат. Мұнда баға 70 000 теңгеден басталып, 200 000 теңгеге жеткен.

Бағаның өсуіне не әсер етті?

Сатушылар мен сала мамандары құрбандыққа шалынатын малдың құнына тікелей әсер ететін бірнеше негізгі себепті атап өтті:

Сарапшылардың болжамына сүйенсек, айт күндері нарықтағы сұраныс пен логистикалық жағдайларға байланысты баға әлі де өзгеруі мүмкін.