in

Атырау облысында сұйытылған мұнай газын фракциялау зауытының құрылысы басталды

Жоба ішкі нарықты СМГ-мен тұрақты қамтамасыз етуге және газ-мотор отыны тапшылығын азайтуға бағытталған.

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов  құрылыс алаңына барып, жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Құрылыс «QazaqGaz» АҚ мен «Ескене LPG» ЖШС арасындағы келісім негізінде Build-Own-Operate (салу – иелік ету – пайдалану) үлгісімен жүргізілуде.

Қазір нөлдік цикл жұмыстары жүріп жатыр. Алғашқы газ партиясын ішкі нарыққа жеткізу 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

Жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен газ өңдеу саласын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.