in

Елде егін жинау науқаны басталды

Ақмола облысында шаруаларға 117 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген. Биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 5,5 млн гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 мың гектарға артық. Бұдан бөлек, мемлекеттік резервтен минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға 12 млрд теңге бөлінді. Бұл оларды енгізу көлемін алдыңғы екі жылмен салыстырғанда үш есе арттыруға мүмкіндік берді. Ал Солтүстік Қазақстан облысында күздік бидайдың өнімділігі гектарына 50 центнерге жеткен. Аймақтағы шаруаларға «Кең дала» бағдарламасы бойынша 319 млн теңге субсидия бөлінді. Күздік бидай егілген алқаптардан фермерлер гектарына 40-50 центнерден өнім жинауда. Қостанай облысында бүгінге дейін 30 мың гектардан астам астық жиналды. Биыл өңірде 5,1 млн гектар алқапта егін жинау науқаны өтеді.

Ақмола облысы:

910 ауыл шаруашылығы құрылымына 117 млрд теңге жеңілдікпен несие берілді

Егіс алқабы – 5,5 млн га

Майлы дақылдар – 495 мың га

Солтүстік Қазақстан облысы:

Күздік бидайдың өнімділігі – 50 ц/га

Мемлекеттік субсидия – 319 млн теңге

Қостанай облысы:

Дәнді дақылдар – 30 мың га

Майлы дақылдар – 1 мың га

Егін жинау жұмыстары 5,1 млн гектар алқапты қамтиды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.