in

Жаңа iPhone 17 ескі бағамен сатылады

Reuters.com хабарламасы негізінде Aikyn.kz жаңа смартфондардың техникалық сипаттамасымен таныстырады.

Ең жұқа iPhone Air-дың бастапқы бағасы – $999. Фото wired.com сайтынан алынды. Авторлығы: Julian Chokkattu

iPhone Air-да жоғары тығыздықты аккумулятормен және жаңа процессормен жабдықталған. Бастапқы бағасы – $999. Соңғы аптаға дейін сарапшылар жаңа iPhone-ның бағалары өсе ма, әлде компания басқа мүмкіндіктер таба ма деп бақылап отырды. Жұқа iPhone Air компанияның жыл сайынғы өнім таныстырылымының «жұлдызына» айналды. Бас директор Тим Кук: «Біз iPhone тарихындағы алға қарай ең үлкен қадам жасап отырмыз», – дейді. 

Apple бұл моделін осы күнге дейін жасалған смартфондардың ішіндегі ең мықтысы деп атады. Құрылғы A19 Pro процессорын қолданады. Ол жұқартылған аккумулятор архитектурасына сай энергия үнемділігі мен өнімділігін арттыру үшін жетілдірілген. Apple-дің негізгі бәсекелесі Samsung әлдеқашан аса жұқа телефондарын нарыққа шығарған.

Сарапшылар болжағандай, iPhone Air-дың бағасы компанияның өзге модельдерінің аралығында орналасты. Apple сондай-ақ iPhone 17 және iPhone 17 Pro флагмандық смартфондарының жаңа жаңартуларын, сонымен бірге AirPods Pro сымсыз құлаққаптарының жаңа нұсқасын және Apple Watch-тың соңғы буынына арналған қан қысымын өлшейтін құрал ұсынды.

256 ГБ жадқа ие iPhone 17-нің базалық нұсқасы $799 тұрады. Бұл екі есе аз жадысы бар (124 ГБ) былтырғы iPhone 16-мен бірдей баға. 256 ГБ жадпен келетін iPhone 17 Pro-ның $1099. Дәл осы сыйымдылықтағы модель сияқты баға өзгермеді. Apple сағаттардың жаңа үлгілеріне де, AirPods Pro 3 құлаққаптарына да бағаны көтермеді.Баға саясаты Apple-дің Samsung, Google (Alphabet) және Қытайдағы бәсекелестерінен артта қалмау үшін, өскен тарифтерді өз мойнына алуға дайын екенін көрсетті. Дегенмен компания Трамп енгізген тарифтер ағымдағы қаржы тоқсанында $1 млрд-тан астам шығын әкелуі мүмкін екенін ескертті. Бағалар жария болғаннан кейін Apple акциялары 1,6% төмендеді.

iPhone Air Samsung Electronics-тің Galaxy S25 Edge моделіне бәсеке болады. PP Foresight сарапшысы Паоло Пескаторе:

«Бұл жаңа құрылғы ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалып келген iPhone-ға «жаңалық әсерін» қайтарады», – дейді. Оның айтуынша, «елеулі түрде жаңартылған iPhone желісі әсерлі көрінеді және (Apple-ге) әртүрлі сегменттерді қамтуға мықты жағдай жасайды».

Apple мәлімдемесінде iPhone Air Wi-Fi үшін жаңа N1 чипімен және ұялы байланысқа арналған жаңа C1X модемімен жабдықталатыны айтылды. Apple-дің премиум құрылғыларына бұл функцияларға арналған чиптерді ұзақ жылдар бойы Broadcom мен Qualcomm жасап келді. Сейсенбінің кешінде олардың акциялары да тиісінше 2,3% және 1,1% төмендеген.

Жаңа AirPods Pro 3 реал-тайм режимінде көптілді аударма жасай алады. Фото 9to5toys.com сайтынан алынды. Авторлығы: Apple

iPhone Air екі камерамен ұсынылады және физикалық SIM-картаның слоты жоқ, бұл аккумулятор сыйымдылығын ұлғайтуға жол ашады. Ал iPhone 17-нің базалық моделі жарықтығы жоғары әрі сызатқа төзімді дисплеймен сатылады. Сондай-ақ оның фронтальды камерасы жаңарған, сенсорының пішіні өзгерген. Бұл горизонталды форматтағы сапалы селфилер жасауға ыңғайлы.

Жаңа AirPods Pro 3 реал-тайм режимінде көптілді аударма жасай алады. Екі әңгімелесуші де жаңа AirPods Pro 3 қолданса, құлаққаптар олардың сөздерін бір мезетте аударып отырады.

Қан қысымын өлшеу функциясы реттеуші органдардың мақұлдауын күтіп тұр. Apple Watch әрбір гипертония жағдайын анықтай алмайды. Бірақ компанияның есебі бойынша бұл функция 1 млн адамға пайдалы болып, 150 елде қолжетімді болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.