Бұдан былай зейнетақы бір-ақ күнде тағайындалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыны тағайындау қызметінің жаңа тәсілін енгізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасап.
Цифрлық жүйе азаматтың жасы бойынша скоринг жүргізу арқылы еңбек өтілін тексеріп, тиісті төлемді тағайындайды.
Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 күннен бір күнге дейін қысқармақ. Сондай-ақ электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы еңбек шартын қашықтан жасау мүмкін болды. Бұл қызмет еңбекке қабілетті 9,5 млн-нан астам адамды қамтып, қызмет көрсету мерзімін 3 күннен 5 минутқа дейін қысқартты.
Жалпы. бұған дейін 9,5 млн-нан астам қазақстандыққа еңбек саласында цифрлық қызмет көрсетілді.