in

Инфляция әсері: Қазақстанда орташа жалақы мөлшері жарияланды

Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстандағы орташа жалақы 461 486 теңге болды. Орташа жалақы бір жыл ішінде 9,1 пайызға өсті, алайда инфляцияны ескерсек, 2,3 пайызға төмендеді. astana24.com тілшілері оның мән-жайын анықтады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстандағы орташа айлық атаулы жалақы 2026 жылғы бірінші тоқсанда 461 486 теңге болды. Былтырғы төртінші тоқсанмен салыстырғанда орташа атаулы жалақы 2,47 пайызға төмендеді, бірақ былтырғымен салыстырғанда 9,1 пайызға өсті.

Мұның тек номиналды өсім екенін түсіну маңызды. Тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуін ескерсек, Қазақстандағы жалақы 2,3 пайызға төмендегені белгілі болады.

Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2026 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша 331527 теңге болды.

Бірінші тоқсанда жалақы келесі салаларда өскені байқалады:

2025 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі:

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде орташа айлық жалақы – 7,0 пайызға, білім беру – 4,2 пайыз өсті.

2025 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы ең көп өскен өңірлер:

Абай облысында – 14,2 пайыз

Павлодар облысында – 12,4 пайыз

Жетісу облысында -12,2 пайыз

Алматы облысында – 10,9 пайыз 

Алматы қаласында – 10,7 пайызды құрады.