in

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы 55 миллион теңге айыппұл төлейді

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Д.Хамзинге және осы департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К.Қашқынбаевқа қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Хамзин Қазынашылық департаментінің ғимаратын ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойып,  1 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар ол Қашқынбаевпен бірге топта олармен үлестес тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 млн теңге жымқырды. Хамзин мен Қашқынбаевқа тиісінше 55 млн теңге және 25,4 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сондай-ақ оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.