CNBC хабарламасына сүйенген Aikyn.kz , жазғы лагерьге миллиардерлер не мақсатпен жиналғанын түсіндіреді.
Wasserman Media Group бас директоры Кейси Вассерман. Фото cnbc.com сайтынан алынды. Авторлығы: CNBC / David А. Grogan
Осы аптада Американың технология, медиа және қаржы саласындағы ірі жетекшілері Айдахо штатының Сан-Вэлли қаласында Allen & Co компаниясының жыл сайынғы Sun Valley Media and Technology Conference конференциясына жиналды. Бұл шараны «миллиардерлердің жазғы лагері» деп атайды. Сэм Альтман, Тим Кук, Боб Айгер Сан-Вэллидегі «миллиардерлердің жазғы лагеріне» келген.
Apple компаниясының бас директоры Тим Кук, Walmart бас директоры Даг Макмиллон, Disney бас директоры Боб Айгер және OpenAI бас директоры Сэм Альтман өздеріне арналған коттеджге кіріп бара жатқанын тілшілер суретке түсіріп алған.
Apple компаниясының бас директоры Тим Кук өзіне арналған коттеджге кіріп барады. Фото cnbc.com сайтынан алынды. Авторлығы: CNBC / David А. Grogan
Конференцияның сәрсенбі күнгі күн тәртібінде бірнеше сұхбаттар жоспарланған. CNBC тілшісі Джулия Бурстиннің хабарлауынша, сұхбаттарға Amazon компаниясының бас директор Энди Джасси, қаржы министрі Скотт Бессент және IAC компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Барри Диллер қатысады.
Сейсенбіде «жазғы лагерьге» келген Сэм Альтман жасанды интеллект саласындағы таланттар үшін күрес оны алаңдатпайтынын мәлімдеген. Ол осы аптада Meta компаниясының бас директоры Марк Цукербергпен сөйлесетінін айтқан.
Төменде эксклюзивті шараға келген технология және медиа саласындағы жетекші тұлғаларды көресіз.
Comcast бас директоры Брайан Робертс және Walt Disney компаниясының бас директоры Боб Айгер (оң жақта) 2025 жылғы 8 шілдеде Айдахо штатының Сан-Вэлли курортында өтетін Allen & Co. конференциясына келді. Фото cnbc.com сайтынан алынды. Авторлығы: CNBC / David А. Grogan
OpenAI бас директоры Сэм Альтман «жазғы лагерьге» келді. Фото cnbc.com сайтынан алынды. Авторлығы: CNBC / David А. Grogan
Walmart-тың бас директоры Дуг Макмиллон конференцияда. Фото cnbc.com сайтынан алынды. Авторлығы: CNBC / David А. Grogan Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.