Aikyn.kz америкалық биліктің жоғары сатысындағы қызметкерлердің жалақысы туралы мәліметтерді Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасап, жариялайды.
Президенттің сөздерін жазатын спичрайтерлердің жалақысы – $121 500. Фото how2become.com сайтынан алынды
1 шілде күні Ақ үйдің Батыс қанатындағы қызметкерлердің қанша жалақы алатыны көрсетілген тізім жарияланды. Президент Трамптың айналасындағы 400-ден астам қызметкердің жалақысы туралы түсінік беретін мәліметтер Конгреске жыл сайын жолданады. Олардың ішінде президенттің жақын кеңесшілерінен бастап кіші көмекшілерге дейін бар.
Тізімнің басында кеңесші Жаклин Б. Клопп $225 700 жалақысымен Ақ үйдегі ең жоғары жалақы алатын қызметкер болып отыр. Екінші орында – кіші заңгер Эдгар Мкртчян, оның жылдық жалақысы – $203 645. Бұл, әрине, олардың бір жылдық жалақысы.
Олардан басқа 33 қызметкер $195 200 жалақы алады. Олардың ішінде: президент аппаратының басшысы Сьюзи Уайлс, баспасөз хатшысы Каролин Ливитт, шекара мәселелері жөніндегі уәкіл Том Хоман, президенттің саясат мәселелері бойынша көмекшісі Стивен Миллер, президенттің көмекшісі әрі кадрлар басқармасының директоры Серхио Гор, президенттің көмекшісі әрі сауда және өндіріс жөніндегі аға кеңесшісі Питер Наварро бар.
Мол жалақыны саяси қызметкерлер ғана емес, америкалық радио шоу ұйымдастырушылар да алады:Көптеген орынбасарлардың жалақысы $155 000-нан $175 000 аралығында болса, арнайы көмекшілердің жалақысы – $121 500 мен $150 000. Ал президенттің сөздерін жазатын спичрайтерлер – $92 500 мен $121 500 арасында жалақы алады. Ақ үйдегі 108 қызметкердің жалақысы $59 000 мен $80 000 аралығында.
Тізімде жалақы алмайтын сегіз қызметкер де көрсетілген. Олардың ішінде, криптовалюта магнаты Дэвид Сакс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио бар. Хатшы жалақысын Мемлекеттік департаменттен алады.
Ақ үй өкілінің айтуынша, Марко Рубио мен президент Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Мемлекеттік департамент пен Ақ үйде қосымша қызмет атқаратынын мәлімдеген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.