in

Премьер-Министр: Біз Президент берген тапсырмаларды мүлтіксіз орындаймыз

Премьер-Министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының бюджет тапшылығы мәселесін шешуге қатысты тапсырмаларын орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Үкімет 2026 жылы бюджет тапшылығын қазіргі 2,7%-дан 2,5%-ға дейін төмендетеміз деген жоспарымыз бар. 2027 жылы 1,8%-ға дейін, 2028 жылы 1,4 %-ға дейін бюджет тапшылығын төмендете отырып, үш жылға арналған бюджет жобасын дайындауда.

«Мемлекет басшысы Ұлттық қордың қаржысын бюджет тапшылығын жабу үшін емес, тек қана республикалық маңызы бар ірі инфрақұрылымдық жобаларды салу керек деп бізге нақты тапсырма қойды. Біз осы тапсырмаларды мүлтіксіз орындаймыз», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Іске асырылып жатқан реформалар жалпы алғанда бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға және оны жоспарлау сапасын жақсартуға, Мемлекет басшысы алға қойған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететінін атап өткен жөн.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.