in

Төрт күндік жұмыс аптасы енгізілсе, жалақы қысқарады

Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасын енгізу мүмкіндігі 2015 жылдан бері заңнамада қарастырылып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Министрлік өкілі, Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің басшысы Шалқар Оразбековтің айтуынша, 2023 жылы қабылданған Әлеуметтік кодексте де төрт күндік жұмыс аптасын қолдануға мүмкіндік беретін нақты ережелер көзделген.

– Егер төрт күндік жұмыс аптасы енгізілсе, жалақы орындалған жұмыс көлеміне сәйкес пропорционалды түрде есептеледі. Яғни, жұмыс уақыты қысқарса, жалақы да соған сай азаяды, – деді Оразбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар ол жұмыс беруші жұмыс күндерінің қысқаруына қарамастан, бұрынғы жалақы мөлшерін сақтап қалуға құқылы екенін атап өтті. Бұл Еңбек кодексіне қайшы келмейді және заңбұзушылық болып саналмайды.