in

Шымкентте сиыр еті күрт қымбаттап, Министрлік түсініктеме берді

Шымкентте сиыр етінің бағасы 5000 теңгеге дейін көтерілді.

Tengrinews сайтының жазуынша, Сауда және интеграция министрлігі бұған жем-шөптің қымбаттауы, мал басының азаюы және көрші елдерден сұраныстың артуы себеп екенін хабарлады.

Бағаны тұрақтандыру үшін министрлік “Магнум”, “Грамад” желілерімен келісім жасап, етті 2590-2620 теңгеден сатуға мүмкіндік берді. Әлеуметтік бағадағы ет қазір қаладағы 60-тан астам сауда нүктесінде сатылады. Базарда еттің нарықтық бағасы – 3800-4000 теңге.

Сарапшылар күзде баға тағы өсуі мүмкін екенін ескертуде.