in

ШҚО-да салынып жатқан әуежайлар сағатына 150 жолаушыны қабылдай алады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздің шығысындағы көрікті аймақта заманауи әуежайлардың құрылысы басталды. Ауданы 4 мың шаршы метр болатын жаңа әуежай сағатына 150 жолаушыны қабылдай алады. Сондай-ақ халықаралық бағыттарға да рейстер ашылады.

Зайсан мен Қатонқарағайдағы әуежайларды 1 жыл ішінде салу жоспарланып отыр. Бұл  – рекордтық көрсеткіш. Құрылыс аяқталғаннан кейін әуежайда қызмет көрсетуге жүздеген маман қажет болады. Ал оларды жергілікті білім ордаларында оқыту жоспарланып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.