in

Қазақстанда ескі үйлердің бағасы 5,3 пайызға қымбаттаған

Соңғы кезде үй нарығындағы жағдай өзгерген. Жалпы, респуб­лика бойынша ескі үйлер 5,3%-ға қымбаттаған, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл туралы Aiqyn басылымы “Тұрғын үйдің бағасын «тұсаулау» кімге тиімді?” мақаласында жазды. 

Басылым нарықтың аса қатты өзгермегенін айтса да, ескі үйдің бағасы өскенін жеткізді. Сарапшының айтуынша, сату­шылар ақша құнсызданбауы үшін бағаны көтеруге мәжбүр. 

– Өйткені жаңа тұрғын үйлердің бағасы өсіп, инфляция баяуламай тұр, ал 2026 жылдан бастап ҚҚС мөлшері 16 %-ға дейін көтеріледі. Алайда сұраныс төмендеп келеді, бұл пәтер иелерінің «тәбетін» те­жейді. Сондықтан нарық икемдірек бола бастады: сатушылар нақты сатып алушыларға жақсы жеңіл­діктер жасауға дайын. Ал мамырмен салыстырғанда маусым айында бағаның өсуі баяулағаны маусым­дық құбылыс. Сондай-ақ сатып алу белсенділігінің төмен болуына бай­ланысты бағаның уақытша тү­зетілуі деп қабылдауға болады. Қа­зақстан аумағы бойынша баға орта есеппен +0.5 % ғана өскен. Қа­лалардағы өзгерістер бағаның өсуі де, төмендеуі де аса айтар­лық­тай емес», – дейді Krisha.kz жылжымайтын мүлік пор­талының сарапшысы Инна Пче­лянская.

2025 жылдың маусым айында Астанадағы пәтер бағаларына көз жүгіртсек, жаңа үйлердегі пәтерлер, яғни бі­рінші нарықтағы бағалар әлдеқайда қолжетімді. Мысалы, танымал тұр­ғын үй бір бөлмелі пәтердің ор­таша бағасы шамамен 14 миллион теңге. Мұндай пәтерлер әдетте ша­ғын – 38-42 шаршы метр шама­сында. Екі бөлмелі жаңа пәтерді шамамен 19,5 миллион теңгеге, ал үш бөлмелі пәтерді 38-39 миллион теңге көлемінде сатып алуға бо­лады.

Екінші нарықтағы, яғни бұрын пайдаланылған пәтерлердің бағасы бұлармен салыстырғанда едәуір жоғары. Бұл пәтерлердің 1 шаршы метрі орта есеппен 528 мың теңге тұрады.