in

Қазақстан жаңа астық өнімінің тоғыз миллион тоннасын біраз мемлекетке экспорттады

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының деректеріне сәйкес, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы маусымға дейінгі аралықта жаңа астық өнімі экспортының көлемі 9 млн тоннаны құрады, бұл 2023–2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 60%-ға көп,  – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Экспорт көлемінің айтарлықтай өсуі Қазақстан астық өнімдерінің сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие екенін және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жаңарту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін растайды.

Экспорттың негізгі бағыттары дәстүрлі түрде Орталық Азия мен жақын шетел мемлекеттері:
Өзбекстан — 3,3 млн тонна (+32%),
Тәжікстан — 1,2 млн тонна (+45%),
Ауғанстан — 309 мың тонна (+46%),
Қырғызстан — 233 мың тонна (+94%),
Иран — 974 мың тонна (17,5 есе өсті),
Әзербайжан — 707 мың тонна (116 есе өсті).

Иран мен Әзербайжанға жеткізу көлемінің өсуі сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюімен қатар, халықаралық көлік дәліздерінің дамуына байланысты.