2025 жылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстаннан балмұздақ экспорты 41,6%-ға артып, 4,3 мың тоннаны құрады.
Экспорттың негізгі бағыттары ТМД елдері мен Қытай болып отыр.
Осы кезеңде Қазақстанға 3 мың тонна балмұздақ импортталған. Импорттық өнімнің үлесі жалпы нарықта 15,4%-ды құрады.
Балмұздақ ең көп импортталған үш ел:
Ресей – 1,5 мың тонна;
Қырғызстан – 1 мың тонна;
Түркия – 0,3 мың тонна.
Сонымен қатар балмұздақ Өзбекстан, Швейцария, Беларусь пен Италиядан да келген.
2025 жылғы қаңтар-мамыр аралығында ел ішінде 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,1%-ға көп.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.