in

Қазақ-ауған тауар айналымы 3 миллиард долларға жетуі мүмкін

Осыған орай екі елдің бейінді ведомстволары арасында тиісті меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды 24KZ.

Ауған нарығынан келетін жаңа піскен және кептірілген жемістер, минералды су мен сусындарды елге жеткізу бағыттары қаралып жатыр. Бұл өнімдерді Тургунди арқылы батыс өңірлерге тасымалдау ұсынылды.

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Ауғанстанға жұмыс сапары кезінде екіжақты әріптестіктің басым бағыттары сөз болды. Мұрат Нұртілеу Ауғанстанның Өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизимен кездесті. Басқосуда теміржол көлігін, ауыл шаруашылығын, цифрлық инфрақұрылым және пайдалы қазбаларды өндіруді дамыту жайы талқыланды. Еліміз екіжақты тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуді көздеп отыр. Ол үшін Қазақстаннан экспортталатын химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жанар-жағармай материалдары мен минералдық тыңайтқыштар көлемін ұлғайтуға басымдық берілмек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.