Жоба бойынша жаңа АЕК 8,5 пайызға көтеріледі. Бұл Қазақстанда тағайындалатын кейбір жәрдемақы мөлшерінің тиісті деңгейде артуына әсер етеді, деп хабарлайды astana24.com.
Қаржы министрлігі 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады. Онда әлеуметтік маңызы бар кейбір көрсеткіштерді өзгерту, соның ішінде айлық есептік көрсеткішті (АЕК) арттыру қарастырылған. АЕК жәрдемақы мөлшерін анықтау үшін қолданылады.
Мәселен 2027 жылы АЕК 4 325 теңгеден 4 693 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Тиісінше оған қатысты мемлекеттік көмек түрлері де өзгереді.
Баланың тууына байланысты жәрдемақы мөлшері
Бала туғанда берілетін мемлекеттік көмек сомасы нәрестенің нешінші бала екеніне байланысты өзгереді. Егер жаңа АЕК бекітілсе, 2027 жылы мемлекеттік көмек төмендегідей тағайындалуы мүмкін:
Бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшері
Босанғаннан кейін әйел адам баласының бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы алады. Ол ай сайын төленеді, ал оның 2027 жылғы мөлшері мынадай болуы мүмкін:
Қазақстанда көпбалалы отбасыларға да қолдау көрсетіледі. Егер 23 жасқа дейінгі 4 және одан да көп бала күндізгі оқу бөлімінде оқып, бірге тұратын болса, отбасылар жәрдемақы ала алады. Мұндай жәрдемақы табыс деңгейіне қарамастан барлығына төленеді.
Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы
2027 жылы жаңа АЕК бойынша көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері мынадай болуы мүмкін:
Сондай-ақ марапатталған әйелдерге бөлек төлемдер қарастырылған. Оларға жәрдемақы өмір бойына тағайындалады, ал 2027 жылы оның мөлшері де артуы мүмкін:
"Күміс алқа" иегерлеріне – 6,4 АЕК (30 035 теңге);
Өзге де жәрдемақылар мен мемлекеттік көмек
Кейбір қазақстандықтар арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады, оның мөлшері айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. Егер бюджет жобасы бекітілсе, 2027 жылы олар келесідей сомаларды ала алады:
Басқаша айтқанда, жаңа АЕК бекітілген жағдайда қазақстандықтарға арналған мемлекеттік көмек мөлшері де артады.
