in

Forte Bank Home Credit банкті сатып алды

ForteBank АҚ (Қазақстандағы) Home Credit Bank АҚ-тың акционерлерімен (Қазақстандағы) Home Credit Bank АҚ-тың 100% акциясын сатып алу туралы түбегейлі келісімге келгенін хабарлайды, – деп жазылған хабарламада.

Банктің хабарлауынша, тараптар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Бәсекелестікті қорғау агенттігінің рұқсатын алғаннан кейін мәміле толық аяқталады. Әзірге қаржылай жай-жапсары белгісіз.

ForteBank хабарлауынша, екі банктің де клиенттеріне бұрынғыдай қызмет көрсетіледі, барлық шарттар күшінде қала береді. Ал банктердің міндеттемелері толық көлемде орындалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.