Кеше SCAT әуе компаниясының Шымкент – Үрімші бағытындағы алғашқы тікелей рейсі ұшты.
Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері қатынайды. Ал Үрімші қаласынан Шымкентке рейстер сәрсенбі мен сенбі күндері жүзеге асырылады.
Ұшу уақыты – 2 сағат 20 минут. Билеттердің бағасы стандартты тариф бойынша 55,4 мың теңгеден басталады. Бұл тарифпен жолаушы 5 келіге дейінгі қол жүгін және 23 келіге дейінгі негізгі багажды ала алады.
Айта кетейік, Үрімші – Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының астанасы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.