in

Болашақтың ғылыми қалашығы: Үкіметте Техноқала құру талқыланды

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының наурызда Ұлттық құрылтайда Үкіметке берген тапсырмасы бойынша жүргізілуде.

Жобаны жұмыс тобының жетекшісі, профессор, э.ғ. к. Жақсыбек Құлекеев таныстырды.

Техноқала – озық технология, ғылым, университеттер мен бизнес шоғырланатын ерекше мәртебесі бар болашақ қала. Негізгі мақсаты – басты назар қолданбалы әсер мен коммерциялық қайтарымына аударылатын, қысқа мерзімде өндірістегі ғылмды қажет ететін әзірлемелерді жасап, енгізу. Бұл ретте жаңа энергетика мен энергия үнемдеуге, биотехнология мен азық-түлік қауіпсіздігіне, жаңа ақпараттық технологиялар және AI-ді дамытуға мән беріледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.