in

Бүгін доллар бағамы сәл арзандады

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 518,97 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы –  518 теңге. Еуро сатып алу бағамы – 607 теңге, сату құны – 611 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы –  522 теңге, сатып алу құны – 516 теңге. Еуро 605 теңгеден сатып алынып, 612 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,50-6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 9 шілдеге ұсынған ресми бағамы – бір долларға 519,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,63 теңге. Еуро – 609,36 теңге.