Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір қазақстандықтарға кірісті көрсетудегі алшақтықтар анықталғаны туралы хабарлама жіберді. Бұл туралы astana24.com ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2025 жылғы жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібімен қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлердің, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің кірісті көрсетуі бойынша камералдық бақылауда алшақтықтар анықталған.
"Алшақтық салықтық нысандардың, электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ), екінші деңгейдегі банктердің мәліметтерінің (POS-терминалдар және мобильді төлемдер), сондай-ақ ақпараттың өзге де көздерінің деректерін зерделеу және талдау негізінде анықталды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге тиісті хабарламалар жіберілді", – делінген хабарламада.
Камералдық бақылаудың мақсаты – салық төлеушіге алшақтықты өз бетінше реттеу мүмкіндігін беру.
Хабарламаны алған кезде не істеу керек
Комитет салық төлеушілерді салық міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырды.
