in

Олжас Бектенов экономиканың 6% өсуі туралы: Біздің басты міндетіміз – осы қарқындарды сақтау, сонымен қатар көрсеткіштерді арттыру

Премьер-Министр Олжас Бектенов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында осы жылдың алғашқы 5 айында еліміздің ЖІӨ өсімі 6%-ды құрағанын, негізгі капиталға инвестиция көлемінің 18%-ға артқанын атап өтті.
Екінші деңгейлі банктердің бизнеске несие беру көлемінің артуы оң нәтиже болды. Биылғы көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға өсті.
Салалар арасында құрылыс секторы (15%-дан астам), көлік және қоймалау (23%), өңдеу өнеркәсібі (6%) және сауда (шамамен 8%) экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналды.

«Бұл қазіргі уақытта қарқынды өсуді қамтамасыз ететін негізгі салалар.
Ендігі біздің басты міндетіміз – осы қарқындар мен көрсеткіштердің барлығын сақтап қалу, одан да арттыра түсу. Осы орайда Үкімет даму бюджетін қоса алғанда, нығайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп келеді. Жүргізіліп жатқан салық реформасының арқасында біз келесі жылдан бастап инфрақұрылымды дамытуды қаржыландырудың едәуір өсуін күтеміз, бұл ұзақмерзімді орнықты өсу үшін алғышарттар жасайды», – деді Премьер-Министр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.