in

«Самұрық-Қазына» отандық өндіріске серпін береді

Қордың қолданыстағы Сатып алу ережелерінде мемлекеттік және өзге де реттелетін сатып алу жүйелерінде баламасы жоқ 16-дан астам бірегей шара бар.

Аталған ережелер бойынша:

• Тауарды сатып алуда отандық тауар өн­дірушілерге басымдық беру;

• Жұмыс пен қызметті орындау кезінде мердігер ұйымдардың отан­дық тауар өндіру­шілер өнімдерін сатып алу міндеттемесі;

• Отандық тауар өндірушілерді барлық түрдегі қамтамасыз етуден босату және т.б. көзделген. 

2024 жылы отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеден асатын келісімшарттар жасалды. Оның ішінде 494 млрд теңге – ұзақмерзімді келісімшарттар, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 76 %-ға артық.

2025 жылы бұл көрсеткішті тағы 25 %-ға арттыру жоспарланып отыр. Қор отандық өндірушілерді белсенді түрде қолдайды, ал оның сатып алу жүйесі ішкі өндірісті дамытуға бағытталған.

Қордың сатып алулары арқылы импортты алмастыру және жаңа өндірістерді құру көзделеді

«Самұрық-Қазына» шетелден сатып алынатын тауарларды ал­мастыратын жаңа өндірістерді құ­ру бағдарламасына ерекше кө­ңіл бөледі.

Қазақстан аумағында өндіріс ашуды жоспарлаған шетелдік ин­весторлар 20 жылға дейінгі мерзімге және дайын өнімі кепілді түрде өткізілетін ұзақмерзімді офтейк-келісімшарт жасаса ала­ды. Осы­­лай­ша, Қор инвесторлар үшін қо­лайлы орта қалыптастыра отырып, елдің импортқа тәуелділігін азайтады.

Бизнесті жүргізуге жасалған қолайлы жағдайлар нәтижесінде америкалық Wabtec және француз­дық Alstom сынды ірі компания­лар Қордың портфельдік компания­­сы – «Қазақстан темір жолымен» ұзақмерзімді келісімшарт жасасып, өндірісті Астанада жүргізе бастады.

2024 жылы жалпы сомасы 191 млрд теңгеге 348 офтейк-келісімшарт жасалды, бұл алдыңғы жылға қарағанда 10 есе көп.

2024 жылы Қордың сатып алу жүйесінің ашықтығы Эко­номика­лық ынтымақтастық пен даму ұйымы­­ның сыбайлас жемқорлық­қа қарсы реформаларына жүргізі­ле­тін мониторингтің бесінші кезе­ңі аясында аталды. Сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкі «Самұрық-Қа­зы­наның» сатып алу жүйесін ха­лықаралық стандарттарға сай деп таныды.