Қазақстанда кәсіпкерлердің банктік шоттарынан қолма-қол ақша алу тәртібі жаңартылады, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Tengrinews.kz. деректеріне сүйенсек, бұл жөнінде Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қаржы министрлігі бірлесіп дайындаған құжатта көрсетілген.
Жаңа ережеге сәйкес, компаниялар мен жеке кәсіпкерлер қолма-қол ақша алған кезде оның нақты қандай мақсатқа жұмсалатынын көрсетуге міндетті болады. Сондай-ақ есеп беру нысандары мен сілтемелер жаңа Салық кодексіне сәйкестендіріледі.
Мамандардың айтуынша, бұл өзгерістердің мақсаты – қолма-қол қаражаттың қозғалысын барынша ашық ету және көлеңкелі айналымды қысқарту. Жоба 2026 жылдың алғашқы тоқсанында күшіне енуі тиіс. Ресми деректерге сүйенсек, бұл бизнеске де, экономикаға да теріс әсер етпейді.