Ұлттық банк теңгенің ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін кеңейтеді, деп хабарлайды Ұлттық банкке сілтеме жасаған astana24.com.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша қаулы жобасын әзірленген.
Қаулы жобасына сәйкес, ұлттық валютаның ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін 39-дан 48 валютаға дейін кеңейту көзделеді.
Қаулы жобасында тізімге мына елдердің 9 ұлттық валютасын қосу ұсынылады: Вьетнам, Мысыр, Израиль, Индонезия, Қатар, Моңғолия, Оман, Пәкістан, Румыния.
Тізімді кеңейту туралы шешім кейінгі 5 жылдағы сауда айналымына, төлемдердің көлемі мен валюталарына жасалған талдау негізінде қабылданған.
Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардан ресми бағам бойынша түскен сұраныстардың тарихы да ескерілген.
