Астанада қазақ тілін визуалды кеңістікте заманауи, тартымды әрі қолжетімді форматта ұсыну мақсатында арнайы фотоаймақтар ашылды.
«Бұл бастама тек тілдік құндылықтарды насихаттап қана қоймайды. Сонымен қатар заманауи визуалды шешімдер арқылы тіл мәселесін «қызық», «сәнді», «инстаға лайық» форматта жеткізуді мақсат етеді», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта фотоаймақтар Нұра ауданында (Ғашықтар саябағы, Есіл өзенінің жағалауы), Сарыарқа ауданында (Арбат) және Алматы ауданында («Жетісу» және «Триатлон» парктерінде) орнатылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.