Өңір басшысының тапсырмасымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың жетекшілігімен өрттің көзін анықтау және оны сөндіру мақсатында жедел штабтың отырысы өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде, өрттің қаладан шамамен 20 шақырым қашықтықта, «Сасықсай» булану алаңының арғы жағында, теңізге қарай бетте тұтанғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен арнайы техникалары тартылған.
Қаладағы ауа сапасын бақылау және оқиғаның зардаптарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
Аталған жағдай облыс әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметінің қатаң бақылауында.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.