in

Ауғанстан бойынша арнайы өкіл тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды. Aikyn.kz бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент өкімімен Еркін Тұқымов бұл лауазымға 2022 жылы тағайындалған болатын.

Бұл қызметке дейін ол Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-елшісі болған. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ІІ сыныпты кеңесшісі дипломатиялық дәрежесі бар.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың ресми ақпаратында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.