2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыру үшін "Internet Portal Nur" ("Интернет Портал Нур") ЖШС-нің NUR.KZ сайтында және NUR.KZ онлайн платформаларында (әлеуметтік желілерінде) интернет-алаңдар ұсынуының жалпы шарттары.
NUR.KZ сайтының (бұдан әрі – Сайт) меншік иесі "Internet Portal Nur" ("Интернет Портал Нур") ЖШС "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 "Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау тағайындау туралы" Жарлығы бойынша 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды (бұдан әрі – Кандидат) Сайтта және онлайн платформаларда сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін Интернет-алаңдар ұсыну тәртібі, шарттары және төлем мөлшері туралы хабардар етеді.
Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:01-ден кейін басталып, сайлау күнінің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат нөлде аяқталады, осылайша үгіт материалдарын Сайтта орналастыру 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:01-ден 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Сайт жазбаша өтініш пен Сайт иесі мен Кандидат арасында немесе Кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалған келісімшарт негізінде Интернет-алаңдарын ұсынады.
Үгіт материалдарының саны мен орналастыру мерзімі Кандидаттың немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен келісімшартпен бекітіледі.
Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік ретімен әрбір жазбаша өтінішке реттік нөмірі мен өтінімнің қабылданған күнін белгілеу арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:
Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен немесе өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді.
Үгіт материалдары Сайтқа орналастыру күніне дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей мынадай форматта ұсынылады:
Стандартты баннерлер
Жаңалықты брендтеу (Desktop)
Брендтеу мынадай өлшемдердегі үш суреттен құралады:
Жаңалықты брендтеу (Mobile)
Әдеттен тыс баннерлер
Interscroller
Fullscreen
Profit Button
Бейнереклама
Scroll-roll
*Баннерлік жарнаманы орналастыру үшін бос трафиктің бар-жоғын алдын ала нақтылау қажет.
Мақала – 4000 таңбаға дейінгі мәтіні бар Word-файлы + ені 1200 px және биіктігі 800 px болатын көлденең бағытталған 5 (бес) фотоға дейін. Шеттерінің арақатынасы 16:9 болғаны абзал.
NUR.KZ редакциясы мақаланың тақырыбына, лидіне немесе мәтініне өз қалауы бойынша түзетулер енгізу құқығын өзінде сақтап қалады.
Мақала тақырыбы (7-8 сөзден аспауы керек) және лиді NUR.KZ форматына сәйкес болуы керек.
NUR.KZ-тің жаңалықтар лентасында мақала анонсын орналастыру позициясы бекітіледі: "Топ-жаңалықтар" – 4 немесе 5-орын; "Қазақстан және әлем жаңалықтары" – 3, 6 немесе 9-орын; айдарлар бойынша – 4 немесе 5-орын.
Мақала анонсы жарияланған сәттен бастап келесі күні сағат 09:00-ге дейін басты бетте орналастырылады. Материалдар уақтылы ұсынылмаған жағдайда жоғалтылған жариялау уақыты өтелмейді.
Instagram:
Telegram:
Жарнамаға қойылатын жалпы және техникалық талаптар https://corp.nur.kz/requirements Интернет-парақшасында толық жазылған.
*Алдын ала броьндау бір жұмыс күні бұрын жасалуы керек.
Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпаратты берген тұлғаның тегі көрсетілуге тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттарға олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тұрғысынан жеке жауапкершілік жүктеледі.
Сайт иесі үгіт материалдарында конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, заңда көзделмеген әскери құрылымдар құруды көздейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер болған жағдайда оларды орналастырудан бас тартуға құқылы. Кандидат Сайт иесінің талабы бойынша материалдарда кездесетін жоғарыда аталған сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет-алаңдарын ұсыну шарттары мен тәртібіне Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетулер енгізілуі мүмкін.
Сайтта үгіт материалдарын орналастыру бағасы мынадай:
Баннерлер
Динамика (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға):
728×200 px + 300×250 px – ҚҚС-ны есепке алғанда 1 840 тг. (desktop+mobile).
240×600 px + 240×200 px + 300×250 – ҚҚС-ны есепке алғанда 1 840 тг. (desktop+mobile+app).
240×400 px + 240×200 px + 300×250 – ҚҚС-ны есепке алғанда 1 360 с тг. (desktop+mobile+app).
Статика (25% трафик үшін бекітілген баға – апта)
240х400 px екінші позиция – ҚҚС-ны есепке алғанда 140 000 тг.
Брендтеу Жаңалықтар (desktop+mobile) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚҚС-ны есепке алғанда 3 720 тг.
Interscroller Жаңалықтар (mobile) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚҚС-ны есепке алғанда 2 800 тг.
Scroll-roll, 20 секундқа дейін видео Жаңалықтар (Desktop+mobile) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚҚС-ны есепке алғанда 2 800 тг.
Profit Button Тұтас (Desktop/mobile) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚҚС-ны есепке алғанда 2 800 тг.
Fullscreen (Desktop+mobile) (1000 көрсетілім үшін бекітілген баға) – ҚҚС-ны есепке алғанда 5 120 тг.
Материалдарды Сайттың орысша нұсқасында орналастыру:
Мақаланы сайттың қазақ тіліндегі нұсқасында да шығару – 30% үстеме
Материалдарды сайттың қазақ тіліндегі нұсқасында орналастыру:
Орналастырылатын барлық мақала анонсы 4 000 таңбаға дейін болуы керек, анонсқа 5 фотосуретке дейін, 3 гиперсілтемеге дейін және 1 видеоға дейін қосуға болады.
Таңбалар саны асқан жағдайда, мақалалар Лонгрид форматында (8 000 таңбаға дейін және 15 фотосуретке дейін) 25% үстеме баға бойынша орналастырылады.
*Мақалалардың барлық анонсы Nur.kz немесе Kaz.nur.kz интернет-алаңының басты бетінде орналастырылады.
* Бағалар бірлік (1 мақала) үшін бекітілген
Пакеттік ұсыныс:
"№1 Пакет" – ҚҚС-ны есепке алғанда 8 022 500:
"№2 Пакет" – ҚҚС-ны есепке алғанда 20 868 000:
"№3 Пакет" – ҚҚС-ны есепке алғанда 35 068 000:
Онлайн платформаларда жариялау
Instagram (@kaznews)
Telegram @newsnurkz
TikTok @newsnurkz
*Бағалар бірлік (1 жазба) үшін көрсетілген.
Онлайн платформалардың қазақ тіліндегі нұсқасында жариялау
Instagram (@kaz.nurkz)
Telegram (@kaznurkz)
*Клиенттің аккаунтымен @kaznews немесе @kaznur.kz Instagram жазабаларды бірлесіп жариялау қосымша үстеме – 30%
Жасалған келісімшартқа сәйкес, Сайтта және онлайн платформаларда үгіт материалдарын орналастыру үшін төлем Сайт иесі ұсынған төлем шоты негізінде – шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Жазбаша өтініштерді меншік иесі 2026 жылғы 17 шілде мен 2026 жылғы 17 тамызды аралығында (17 тамызды қоса алғанда және демалыс пен мереке күндерін қоспағанда), сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін) мына мекенжай бойынша қабылдайды: Астана қаласы, Тұран 19/1, "Эдем" БО, 2-қабат, 205-кеңсе.
Жазбаша өтініштер факсимиле түрінде және Интернет байланысы арқылы қабылданбайды.
ТОО "Internet Portal Nur"
("Интернет Портал Нур")
Бахридинов Қ.Ғ.
