in

Ақын Серік Тұрғынбекұлының 80 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Өмірге өлең керек» атты шығармашылық кездесу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz..

Іс-шара барысында ақын Қалқаман Сарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің құттықтау хатын оқыды. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновтің құттықтау хаты оқылды.

Кеш барысында ақын өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, жыр оқылды, қаламгер шығармашылығына арналған естеліктер айтылды.  Қатысушылар ақынның шығармашылық жолына тоқталып, оның ұлттық әдебиетке қосқан үлесін атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.