in

"Баяғы жартас – сол жартас": Тоқаев Қонаев қаласының келбетін сынға алды

Мемлекет басшысы Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Президент облыс орталығына театр, стадион, әкімшілік ғимараттар салу керегін айтып, өңір әкіміне тапсырма берді.

"Бір олқылыққа назар аударғым келеді.

Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр. "Баяғы жартас – сол жартас", қаланың келбеті – өзгеріссіз күйде.

Бұл қалада шұғыл түрде театр, стадион, әкімшілік ғимараттары мен мектептер салу керек. Онсыз Алматы облысы өз аяғына тұрып кете алмайды. Облыс басшылығы осы өзекті мәселелерге баса назар аударуы қажет", – деді ол.