Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың “TURKISTAN” халықаралық газетінде “Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы” атты мақаласы жарияланды.
Мақалада М. Әшімбаев «Тоқаев моделі» деп қазақы мәдени кодты сақтай отырып, ұлтты біріктіруге бағытталған прагматикалық және біріктіруші тұжырымға келіп, бұл ұстаным бүгінгі ұрпақтың тарихи тамырын сақтап, бабалар аманаттаған рухани мұраны жаңа мазмұнда жандандыру міндетімен үндесіп жатыр дейді.
Ұлы бабаларымыз бізге жақсылық пен жамандықтың аражігін ажырату, қашанда әділдік пен ар-намысты ту ету, қарапайым әрі қайсар болу, білімге талпыну, жақынға қамқорлық таныту, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету, туыстық қарым-қатынасты үзбеу, Тәуелсіздікке ұмтылу, жаңашылдықты меңгеру, балалардың еркіндігі мен дұрыс мақсат сияқты құндылықтарды баға жетпес мұра етіп қалдырды. Біздің ендігі міндетіміз – осы бай қазынаны әрі қарай дамыту және соның айналасына топтасу. Сол арқылы Ұлы Даланың жаңарған және мәңгілік жүрегінде болашаққа лайықты ұлт қалыптастыру.
Біздің ренессанс қазірдің өзінде басталып кетті. Соның нәтижесінде ұлттың өсіп-өркендеуіне жаңа жол ашылды. Даңқты жауынгерлер мен саудагерлерден, ғалымдар мен ақындардан, хандар мен билерден, қоныс аударушылар мен жер аударылғандардан, ағартушылардан, Алтын Орда, Қазақ хандығы, Алаш ордасы, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы дәуіріндегі зиялы қауым мен жұмысшылардан бізге жеткен ДНК код – соның кепілі, – деп жазған Сенат Төрағасы.