in

«Жалған дүниенің бар жақсылығы өзіңе тартылады екен»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды

Әнші Ерке Есмахан шетелде демалыста жүріп оқырмандарымен сырласты, – деп жазды Aikyn.kz.

«Бұл өмірдің бір сыры да, нақты қағидасы да жоқ екеніне көзім жетті. Тек түсінгенім, ішкі ойың мен сыртқы сөзің таза, шынайы, әрекетің адал болса болғаны. Сонда бұл жалған дүниенің бар жақсылығы өзіңе тартылады екен. Әлемнің әдемілігін көру өзіңізге, ұл қызыңызға, ұрпағыңызға молынан бұйырсын!» – деп тілегін жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдірді.

«Барлық нәзік жандыларға осылай күйеулерімізбен шет ел аралу бұйырсын. Дәл Ерке сияқты бақытты, ешкіммен шаруасы жоқ, нәзік болып жүрейік», «Әлемге нұрыңызды шаша беріңіз, сізге өмірімде бірінші рет жазылдым, күнделікті әдемі, бақытты сәттерді көре беру үшін», «Еркелей білу де өнер», «Сіздердің әдемі суреттеріңізді көріп Италияда отырғандай сезінейік», – деп жазды желі қолданушылары.

Әнші пікір жазған оқырмандарына сый жасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.