Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая Стамбулдың Шишли ауданында жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші ұсталғанын хабарлады. Министр оқиғаға байланысты әкімшілік шаралар қолданылып, жаңа заң жобасында осындай әрекеттерге қарсы қатаң жазалар енгізілетінін мәлімдеді.
Министр Ерликая әлеуметтік желідегі жазбасында:
«Қажетті шаралар қабылданды. Жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші ұсталды», — деп жазды.
Анықталғандай, Е.А. есімді жүргізушіге Түркияның жол қозғалысы туралы №2918 заңына сәйкес 993 лира айыппұл салынды.