in

«Жер аманаты»: Абай облысында ауыл тұрғыны 100 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды

«AMANAT» партиясының «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында Абай облысы Ақсуат ауданындағы Ақсуат ауылында ел игілігіне бағытталған маңызды іс жүзеге асты. Ауыл тұрғыны Серік Кәріпбаев өзіне тиесілі болған 100 гектар елді мекен жерін мемлекет меншігіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ақсуат ауылында жүзеге асқан бұл іс азаматтық жауапкершіліктің, ауыл тағдырына бейжай қарамайтын шынайы жанашырлықтың айқын көрінісі болып отыр.

Жер – халықтың ортақ байлығы. Оны әділ бөліп, тиімді пайдалану – бүгінгі және келешек ұрпақ алдындағы ортақ міндет.