Спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогының 3-кезеңінде Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол 2025 жылы да тура осы Антальядағы әлем кубогында 2-орын алған болатын.
Тұтқалы ат снаряды, жүлдегерлер:
Рис Маккленаган (Ирландия, Париж Олимпиадасының чемпионы) – 13.900 ұпай
Зейнолла Ыдырысов – 13.733
Джеймс Хики (Ирландия) – 13.566
Отандасымыз наурыз айының басында Бакуде өткен әлем кубогының кезеңінде де жүлдегерлер қатарына кірген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
