2025 жылғы 31 қазан мен 4 қараша аралығында Корея Республикасының Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан әлем кубогы өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Аталған халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараға дайындық шеңберінде 2025 жылғы 10-23 қазан аралығында Алматы облысының аумағында ұлттық құраманың қатысуымен оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылуда.
Жиынға Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының 17 спортшысы тартылған.
Оқу-жаттығу жиынының ұйымдастырушысы – Sadaq Aty Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.