in

Көкшетауда бокстан әлем чемпионы Карина Ибрагимова дауыс берді

Көкшетауда бокстан әлем чемпионы Карина Ибрагимова Краснояр селосында “Көкше” мәдениет үйінде орналасқан №1 сайлау учаскесінде референдумға қатысып өз дауысын берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Референдумда өз дауысын берген Карина Ибрагимова әрбір қазақстандық азаматтың елдегі айтулы саяси оқиғада өз дауыстарын беруі аса маңызды екенін атап өтті. 

– Мен Краснояр селосындағы №1 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауымды жасадым. Өйткені осындай еліміздің өміріндегі аса маңызды саяси науқанға қатысу еліміздің әрбір азаматы үшін қасиетті парызы деп санаймын.  Әрбір азамат өз таңдауын жасауға тиіс, –  деп атап өтті Карина Ибрагимова. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы