in

Маңғыстау облысында мысық тістеп алған ер адам қайтыс болды

Маңғыстау облысының тұрғыны мысық тістеп алғаннан кейін құтырмаға шалдығып, қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгілі болғандай, ер адам уақытында медициналық көмекке жүгінбеген. Салдарынан оқиғаның соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері өңірде жануарлардың тістеуіне байланысты 1300-ден астам жағдай тіркеліп, пациенттер антирабиялық көмекке жүгінген. Оның 52 пайызы – балалар, 4 пайызы – жасөспірімдер, 43 пайызы – ересектер болып шықты. Оған қоса 801 адам антирабиялық вакцина, ал 544 пациент иммуноглобулин екпесін алған.

Мамандар жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейі тиген кезде бірден дәрігерлерге тексерілу керек екенін ескертті.