in

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 92 кәсіпорны 2,1 мыңнан астам жұмыскерге 882 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 1 951 ұйғарым берілді және 233 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 755,4 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2025 жылғы 1 шілдедегі деректер бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 941 тексеру жүргізді, оның барысында 3 608 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 2 973; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 616; халықты жұмыспен қамту бойынша – 19. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.