in

Мемлекет басшысы Франция президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бүгінде Франция саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткен халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, достас француз халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді. 

Сондай-ақ Қазақстан мен Франция қарым-қатынасы стратегиялық серіктестікке ұласқанына назар аударып, осы игі іске Эмманюэль Макронның қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.