in

Путинмен кездеседі: Тоқаев форумға қатысу үшін Омбыға барды (фото)

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды, деп хабарлайды astana24.com Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына барды.

"Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және басқа ресми тұлғалар күтіп алды", – делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 шілдеде Омбыға барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетінін жазған едік.