Референдум кезінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанында 54 елде орналасқан 71 учаске жұмыс істейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
«Шетелде дауыс беретін Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 14 380 адамды құрайды», – деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов.
Референдум учаскелерінде дауыс беру Токио мен Сеул қалаларында Астана уақытымен сағат 03:00-де басталды.
Ең соңында АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы жанындағы референдум учаскесі ашылып, жабылатын болады. Атап айтқанда, ол бүгін Астана уақытымен сағат 19:00-де ашылып, ертең 16 наурыз күні сағат 08:00-де өз жұмысын аяқтайды.
«Күрделі жағдайға және біздің азаматтарымыздың санының аздығына байланысты 10 елде 11 учаске ашылмайды (Иран, Израиль, Иордания, Қатар, БАӘ (2 учаске), Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия)», – деп хабарлады Арман Исетов.
