in

Тоқаев Ақордада Камбоджа премьер-министрін салтанатты түрде қарсы алды (фото)

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа корольдігінің премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын шырқады.