in

Тоқаев Болгарияның жаңадан сайланған премьер-министрін құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.

Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті "Прогрессивті Болгария" коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының премьер-министрі болып сайлануымен құттықтаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа құрылған ынтымақтастық бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі беки түсетініне сенім білдірген.

Сондай-ақ Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тілеген.